top of page


20180410_114650

20180410_114635

20180410_114252

20180410_114650
1/46
Мектеп туралы жалпы мәліметтер
-
№53 орта мектеп 2007 жылының 27 тамызында пайдалануға берілді. 1029 оқушыға арналған мектепте бүгінгі таңда 2068 оқушы білім алуда.
-
Мекен-жайы: Тараз қаласы, «Астана» мөлтекауданы, 10А
-
Мектеп директоры – Қойлыбаева Эльмира Серікқызы 2010 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді.
-
Мектепте барлығы 41 оқу кабинеттері, 250 орынға арналған мәжіліс залы, 2 спорт залы, 1 кітапхана, 48 орындық оқу залы, 1 медициналық кабинет, 1 стомотологиялық кабинет, 150 орындық асхана бар. Кітапханадағы барлық кітаптардың саны - 51813 , электронды оқулықтар саны - 216.
-
Бүгінгі заман талабына сай жабдықталған 2 компьютер кабинеті, 2 жаңа модификациялы оқу кабинеті, 4 лингафон кабинеті, 6 интерактивті тақтамен жабдықталған кабинет, 1 кәсіби бағдар беру кабинеті бар. Барлығы – 155 компьютер.
-
«Күншуақ» шағын орталығында 2 жатын, 2 тынығатын бөлмемен, қажетті заттармен толықтырылған.
-
Оқушылардың қосымша білім алуын қамтамасыз ету мақсатында 52 үйірме жұмыс істеп, оған 840 оқушы қамтылған.
-
Мектепте барлығы 170 мұғалім жұмыс істейді. Оның 44 жоғары санатты, 31 бірінші санатты, 42 екінші санатты мұғалімдер. Жоғары білімді - 159, арнаулы орта білімді – 11 мұғалім. Сонымен қатар 1 мұғалім Қазақстан Республикасының білім беру ісінің «Құрметті қызметкері», 1 мұғалім Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық медалі, 2 мұғалім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
-
Мектеп «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын оқу- тәрбие үрдісінде дамытудың инновациялық жолдары» тақырыбында жұмыс істеуде. Осы бағытта мектепте 10 әдістемелік бірлестік құрылып, шығармашылық топтар жұмыс істейді. Мұғалімдер өз тәжірибелерінде оқытудың жаңа инновациялық технологияларын қолдануда. Шығармашыл ұстаздардың 12 авторлық электрондық оқулықтары бар.
-
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша 21 мұғалім оқып шықты. І деңгей -5 мұғалім, ІІ деңгей -2 мұғалім, ІІІ деңгей - 14 мұғалім сертификатталған.
-
2015-2016 оқу жылы мектеп ұжымы өз тәжірибесін «Мектеп жұмысын инновациялық тұрғыда ұйымдастырудың педагогикалық негіздері» тақырыбындағы республикалық семинарда, «Мектептегі әдістемелік қызметтің озық тәжірибесінің моделі» тақырыбында облыстық семинарда бөлісті.
-
Ұстаз еңбегінің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілетін қалалық, облыстық «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі», «Ең үздік кабинет», «Үздік жас ұстаз», «Үздік авторлық бағдарламалар» байқауларына мектеп мұғалімдері белсене қатысады.
-
Мектеп оқушылары әр түрлі деңгейде өткізілген іс-шараларға қатысып, жүлделі орындар иеленуде.
-
Қалалық пән олимпиадасында 14 оқушы, оқушылардың ғылыми жобалар жарысында 6 оқушы, «Абай оқулары» байқауында оқушылар қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, халықаралық «ПОНИ» байқауында 78 оқушы жүлделі орындар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қашықтық олимпиадасында 12 оқушы, «Тоғызқұмалақтан»
-
республикалық чемпионатта 1-орынды, таэквандодан халықаралық турнирде 3-орынды, VІІІ Республикалық «Ғұмырдария» байқауында 3 оқушы бас жүлдемен марапатталды.
-
2015-2016 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 50 оқушы қатысып, орташа балл 87,9 құрады.
-
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп территориясы абаттандырылған, көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары жолға қойылып, 42 түп шырша талы өсіріліп, күтіліп, бапталуда. Мектеп айналасында 150 жеміс ағаштары, 150 әр түрлі талдар егілген.
bottom of page